Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

озинсин - Бақытыңды қонған кезде бағала | Текст песни

Тыңда достым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті байтақ өтті деп
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп!
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң
Зерлі шапан киінсең де жақұттан
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан

Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Ол да мәңгі тұрмайтынын шамала,
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
Өміріңе немқұрайлы қарама!
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Ол да мәңгі тұрмайтынын шамала,
Қанша азап көрсең дағы бауырым
Өміріңе немқұрайлы қарама!

Тұсау салып бастатқызбай көш дара
Кетсе дағы дұшпан күлкі дос таба
Өміріңе немқұрайлы қарама
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да
Сын сағатта сақтау үшін өз басың
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың
Өміріңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.

озинсин еще тексты


Другие названия этого текста
  • озинсин - Бақытыңды қонған кезде бағала (0)
  • Неизвестен - Бақытыңды қонған кезде бағала (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-