Барады аулым көшіп Қызылжарға Таң атып, Шолпан туып сызылғанда. Көзіңнің мөлдірін-ай! Осы әнге қоңырталып сала берем Көңілім сені ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін-ай!
Құландай жүйрік майда жал-ай, Бар ма екен бізде ынтызары-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен Көзіңнің мөлдірін-ай! (екі рет қайырмасын)
Не қалды қарайғанда, қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды Көзіңнің мөлдірін-ай! Аулыңа алыс қалған қарай-қарай Қарайлап қаршығадай мойын талды-ау! Көзіңнің мөлдірін-ай!
Құландай жүйрік майда жал-ай, Бар ма екен бізде ынтызары-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен Көзіңнің мөлдірін-ай! (екі рет қайырмасын)