Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Орда Тобы - Белгысиз жаным | Текст песни

Қимадым қоштасқанда жанарыңды
Мұң шалды-ау сол бір сәтте қабағыңды
Түбінен жүрегімнің тулап шығып
Бір өксік жұлмалады тамағымды
Қарақат көздеріңе қарай бердім
Қызығы сол ма дедім дүниенің
Күйдірер көлеңкеде өзегімді
Махаббат неге сонша ыстық едің

Қайырмасы:
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етіп жоқ болдынғой қас қағымда
Жарқыраған өзіңді қалай табам
Жұлдызға жете алдым ба
Мен аңсаған белгісіз жан

Бақтарды сен екеуміз аралаған
Бозартып тастап кеттің неге маған
Жыл құсы секілденіп шалғай ұшқан
Жете алмай қала бердім жаным саған
Сәулесі айдың түсіп аймалаған
Өзіңді қарағым-ау қайдан табам
Сүйгеннің сүйіктісі болатындай
Бақытқа ие болар қандай адам

Қайырмасы:
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етіп жоқ болдынғой қас қағымда
Жарқыраған өзіңді қалай табам
Жұлдызға жете алдым ба
Мен аңсаған белгісіз жан

Орда Тобы еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 9