1)Неге оны ұмыта алмай?
Неге соны сағынам?
Ақылымнан адасамын,
Сабырымнан жаңылам.
Мейлі қанша жыл өтсе де,
Ұмытылмай жадымнан.
Ауыр ойлр жүдетсе де,
Мен біреуді сағынам...
Қ-СЫ:
Мен біреуді сағынамын,
Сағынамын әлі де.
Ойлап соны зарығамын,
Зар қосылып әніме.
Сар уайымға салынамын,
Олсыз өмір мәні не?
Соны іздеп кетсем бе екен?
Қолды сілтеп бәріне!
2) Ескі қала көшесінде,
Кешке салып тағы да ән.
Іздейм оны әрбір қыздың,
Жанарынан, жанынан.
Татқым келіп тағы да оның,
Ерінінің балынан.
Таңға дейін көзімді ілмей,
Мен біреуді сағынам...
Қ-СЫ: сол қайырма.
3)Күтем оны әр көктемнің,
Күліп атқан таңынан.
Соған арнап маржан жырды,
Сыйлайыншы лағыл ән.
«Әлі сені сүйемін»,- деп,
Ақтарылам ағымнан.
Мен сол қызды сағынғанмын,
Мен сол қызды сағынам!!!
Қ-СЫ: жаңа қайырма.
Мен сол қызды сағынғанмын,
Сағынамын әлі де.
Әлі талай зарығармын,
Зар қосылып әніме.
Сар уайымға салынамын,
Олсыз өмір мәні не?
Соны іздеп кетсем бе екен?
Қолды сілтеп бәріне!
орындайтын: Қанат Аяпберген, сөзі: Мерген Тоқсанбай, әні: Қанат Қалтай еще тексты
Сейчас смотрят
- орындайтын: Қанат Аяпберген, сөзі: Мерген Тоқсанбай, әні: Қанат Қалтай - Мен біреуді сағынамын
- GRDN CTY Our Last Night - Wrecking Ball (Miley Cyrus cover)
- Когда я умру ты заплачешь? - Не знаю исполнителя нашла в NET.ru
- Mos Def - The Panties
- Vader - Xeper [Litany 2000]
- Bodyrox - Yeah Yeah (D Ramirez rmx)
- Lana Del Rey - Young And Beautiful [inS]
- Jesucristo Superstar - 06 Canción de Herodes (King Herode's Song)
- KReeD - ...реп, красивый реп, красивые слова, новое, 2012, 12, нежность, репчик, охуе
- Juliette Gréco - Sur Les Quais Du Vieux Paris (OST An Education))
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1