Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Оқыған Амандос Елтай - Алғашқы махаббатқа хат | Текст песни

Қанша жыл өтті бұлдырап сырғып сағымдай,
Сүйіп ем сені, жақын көріп ем жанымдай.
Бала едім сонда, сен ерке қыз ең еліктей,
Жүзінен нұры төгіліп тұрған лағылдай.

Періште қыз ең, ол кезде менде пәк едім,
Өзіңмен ғана бақытты болсам деп едім.
Ер жеткен шақта кетіп ем еріп қиялға,
Өзіңмен ғана жұптасып ішкі әлемім.

Еңсемді қазір езеді ауыр тастай мұң,
Сезімнің енді есігін қайтып ашпаймын.
Жүректі дәптер, сезімді қалам жасап ап,
Алғашқы сол бір сәттерді саған тастаймын.

Сенімен өткен күндерім бақыт алаңы,
Сенімен өткен әрбір сәт маған бағалы.
Кешігіп келген Алғашқы нәзік махаббат,
Жүрегім менің мәңгілік сенен жаралы.

Болса да жарым, балалы-шаға отбасым,
Белгілі сендей адамды енді таппасым.
Есімде жаным өмірлік сені сақтадым,
Ал сені Тәңір мәңгі сақтасын!

Оқыған Амандос Елтай еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1