ОНЛАЙН
Күзетіп, маза кетіп, алаңдай ма?!
Әй, бірақ... Олай ету оған қайда...
Түнімен ғаламторда оны аңдысам,
Құр бекер қанша уақыт жоғалмай ма?
Әйтеуір, ұғысар бір келердей күн,
Көтерем де көкке өзім төмендеймін.
Түнеріп төне қалса қабақ түйіп,
Құдай-ау, қалай баққа кенелмеймін?!
Есі ауған Мәжнүні жоқ мен бір Ләйлі,
Көрем деп ойладым ба екен мұндайды?
Жүрегімді жылытса соған ақыр,
Білерім, Құдай одан кем қылмайды.
Үмітім... Алдайды ма бала сынды?
Жаяды өлең жасырған дара сырды.
\"Офлайн\" болғанымша \"онлайн\" бол!
Үндемеу, сізге сондай жарасымды.
Көп жәйтті жасырсам да ұғасыз ба?
Болмаса басқаны бақ қыласыз да.
Қайырлы түн! Ұйқыға кетем енді,
Не ғой... Сіз де желіден шығасыз ба?...
Мақпал Төребек
Оқыған: Марал Жұмагелді еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1