Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Поэзия - Ауылға Сағыныш | Текст песни

Ауылымның түтiнi будақ-будақ,
Алтауызы айтатын шумақ-шумақ.
Сағыныштан сарғайып барғанымда,
Қарсы алатын ағайын улап шулап.

Ой-қиялым шапқылап,ойға-қырға,
Асығамын жеткенше қойлы ауылға.
Құрбы құрдас бiрге өскен еске түссе,
Қызып қаным кетедi бойда мына.

Шiркiн ауыл!
Шынымен сағындырдың,
Отын көсеп,шалқыған жалын жырдың,
Балалық,шалалығым,махаббатым,
Қап қойғандай iшiнде қалың нудың,

Көшке ерiп талай сайға суға бардым,
Су құйдым қолға талай құмған алдым.
Солайша қазыналы қарттарымның,
Ақ батасын жүрекпен тындап алдым.

Сағындым болса дағы әлегi мың,
Жабықтым дирмен сынды шу қаладан.
Әйтеуiр мансiз күндер өтiп жатыр
Тiзбекпен сынап сынды сырғанаған.

Тас қалада болмады күйiм де оңған,
Содан бiр мұң жаныма үйiр болған.
Ал арманым,жеткiзбей бара жатыр,
Жалғыз аяқ жолдармен шиырланған.

Үзiлген қанша үмiттi жалғасам да,
Қиналдым жоқтан құрап бар жасауға.
Ауылға мен де бөтен боп кеткем бе,
Қонағындай келетiн анда-санда.

Поэзия еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2