Он екі ата Байұлы Жетіде баулы Беріштен Жайсаңдар шыққан нешеме Жау жарағы келіскен Қаратоқай, Жайық, Есенқұл Замандас екен Ақжелең Тай-құлындай тебіскен Толымды екен ортасы Жаңбыршы,Себек,Бегіспен Бөкен мен Есен,Құлкештер Ұлдары екен Беріштің Бірбіріне сеніскен
Толғайда толғай, толғана Жырымның құсын ұшырдым Ұрпағы екен Беріштің Кешегі Сұлтан Бейбарыс Билеушісі Мысырдың Ер Исатай, Махамбет Даусы жетті құлаққа Кешегі қызғыш құсыңның Есенқұл батыр бүгінге Аңызы жетті күшіңнің
Кешегі қилы заманнан Мұңды бір самал еседі Алшын деп шапқан атойлап Ағатай бабам кешегі Ұраны болып беріштің Заманнан заман көшеді Құттыбай, Шұбар, Жаңбыршы, Батырбек, Қабыл, Есеттер, Бағлан батыр, шешені Жаппарберді,Ұса,Үбілер, Сөзбенен қолды бастаған Жақсы мен жайсаң көсемі
Толғайда толғай, толғана Жырымның құсын ұшырдым Ұрпағы екен Беріштің Кешегі Сұлтан Бейбарыс Билеушісі Мысырдың Ер Исатай, Махамбет Даусы жетті құлаққа Кешегі қызғыш құсыңның Пыштанай батыр бүгінге Аңызы жетті күшіңнің
Беріштен өткен нешеме Әулие әмбие киелі Бекмұханбет, Сәт пен Әжіғали Қыз әулие, Қаламқас Атағын елім ардақтап Әлі күн басын иеді Нешеме батыр бабаның Ала құйын заманда Түрікпенде қалған сүйегі Разы болсын аруағы Өсе берсін ұрпағы Жыршыңның осы тілегі