1. Жанарыңнан төгіледі таң нұры Жүрегіңнің көрінеді бар мұңы. Сөндіріп – өртеп, Мөлдірі мөлтек Көз жасыңның жаңбыры. Махаббат па жүрегіңе салған мұң? Жоғалды ма мәні мына жалғанның? Сарғайма күздей Үмітіңді үзбе Орындалар арманың.
Қ-сы: Жарығым, бар мұңың Өткiншi өмiрдiң бiр ғана бөлiгi. Оралмас өткенiң, Мұңаймашы, Жаным, Арайланар таңың, Келер тағы сезім көктемің. Сағыныш тамшысын төкпеші Күзімде гүл болып көктеші Махаббатым, Жылытсын мәңгілікке жаныңды сенің. Өтпелі жарығым, ол қайғы Келер күн бір бақыт жолдайды. Шапағаты Бөлесін қуанышқа таңыңды сенің.
2. Пәк үмітің бірер сәтке көз ілген Көрінеді түпсіз тұнық көзіңнен. Жанның қамшысы – Жаңбыр тамшысы Жанарыңнан үзілген. Естіле ме саған жазған жан әнім Жүрегiмнiң бағындырдың қамалын Оранып түнге Жарығым мүлде мұңаймасын жанарың
3. Қолыңды бер ертейінші бақыт еліне Жүрегіңді жылытайын мен...