1.Білемін, жаным, білемін, Сағынды оны жүрегің. Жырыммен сені жұбатам, Досың боп өмір сүремін. Сағым боп тәтті шақтарың, Күндерден шаттық таппадың. Сарғайды, білем, күз келмей Жаныңның жапырақтары.
Қ-сы: Арманың сені алдаса, Мұңая берме, жан еркем. Жаныңды тербеп тұратын Махаббат мұңлы ән екен.
2.Тұңғиық сезім тербетіп, Ұйқыңды үміт ұрлайды. Өкініш көп өмір бұл, Махаббат мұңсыз болмайды. Жас алып жиі жанарға, Сағыныш сазы санаңда. Жаныңа серік іздейсің Жалғыздық деген аралда