Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп
Жүреді біліп кетіп есен-сауын
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтсаң - тоясың ба?
Ырғалған көше бойлап қарғайы
Қасында көк желекті әппақ қайың
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мас қылады иіс майың
Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес
Басына атсаң-дағы оғың жетпес
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес
Рамазан Стамғазиев еще тексты
Видео
-
Көкшетау. Рамазан Стамғазиев
Өлеңнің авторы - Сәкен Сейфуллин. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2