1.Қоғалы көл-ай Қаңқылдап қазы ұшатын, Көгалды бел-ай Кеудеме қонған құс ақын. Көктемгі жел-ай, Жанымды желпіп елітер Күн барма сені Айыз бір ғана құшатын.
Қайырмасы: Ие бола алмай еркіме, Көміліп сезім өртіне. Жетсем бір деймін Саздаудың құда талына Шипа боладын дертіме.
2.Сыбызғы түні-ай, Сыбырлап келіп қонатын. Сырнайлы мұң-ай, Аспаннан өлең жонатын. Қарағай, қайың Қара орман әнтек күбірлеп, Қара шың мерген Қарайып көкті шолатын.
Қайырмасы: Қауызын жаңа жарған-ай Түрленіп түнде бар маңай Ұшсам бір деймін Кетпеннің құба жонына Жетсем бір деймін арман-ай