Жиырма бес, қош-аман бол, қайтып келмес, Жастықты ойлағанмен, дүние-ай қолға бермес. Өң түсіп, суалды ғой, тамыр біткен, Үміт жоқ, жастық шақтан дүние-ай ойлағанмен. Жалған-ай, жиырма бес қайта айналып келмес маған. Алтынға қола тұтқа бола ма екен, Көңілің жаман жарға дүние-ай тола ма екен?! Тұйғын деп ұстағаным қарға шықты, Қарғаға пенде ғашық бола ма екен?! Жалған-ай, жиырма бес қайта айналып келмес маған