Әні: Алмас Темірханұлы;
Сөзі: Бейбіт Сарыбай;
Мазаламайын мазаламашы,
Тып-тыныш өмір сүрейік.
Сен мені мүлде жазаламашы
Түк болмағандай жүрейік.
Қайырмасы:
Сағындырмайын сағындырмашы,
Жаныма тыным бер менің.
Ескі сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
Күттірмейінші күттірме мені,
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді
Сен олай етпе мақұл ма?!
Ғашық етпейін ғашық етпеші,
Жігерді құмдай езбеші.
Жанымды менің жасын етпеші,
Қайғы мұңымды сезбеші.
Қайырмасы:
Сағындырмайын сағындырмашы,
Жаныма тыным бер менің.
Ескі сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
Күттірмейінші күттірме мені,
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді
Сен олай етпе мақұл ма?!
Осының бәрін теріс дейікші,
Бұл менің қатал жарлығым.
Осы айтқандарға келіспейікші
Теріс дейікші барлығын.
Қайырмасы:
Сағындырмайын сағындырмашы,
Жаныма тыным бер менің.
Ескі сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
Күттірмейінші күттірме мені,
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді
Сен олай етпе мақұл ма?!
Рамазан еще тексты
Другие названия этого текста
- Алмас Мұхтарұлы - Өтініш (1)
- Рамазан - Өтініш (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2