Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Құран 6 - Ән’ам сүресі | Текст песни

Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына (басқаларды) теңейді. (1)
Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме? (2)
Көктерде әрі жердегі Ол Алла, көрнеулеріңді де, көместеріңді де біледі. (3)
Оларға Раббыларынан әрқандай аят келсе, олар одан мүлде бет бұрушы еді. (4)
Тіпті оларға келген шындықты (Құранды) да жасынға шығарды. Дегенмен жақында тәлкек қылғандарға (жазасының) хабары келеді. (5)
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ, қылмыстары себепті оларды жоқ еттік те олардан кейін басқа нәсіл жараттық. (6)
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған қағазда жазулы бір Кітап жіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: «Бұл ап-ашық сиқырдан басқа емес» дер еді. (7)
Бірде олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?»,- деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. (8)
Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік. (9)
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрынғы пайғамбарлар да мазақталған болатын. Пайғамбарларды тәлкек қылғандарды, ажыуалаған нәрселері бастарына жетті. (10)
«Жер жүзін кезіңдер де сонан соң өтірікке ұйғарушылардың соңы не болатынын көріңдер.» де. (11)
(Оларға) айт: «Көктердегі және жердегі нәрселер кімдікі?», «Алланікі» де. Ол мәрхамет етуді өз міндетіне алған. Сендерді болуы күмәнсіз қиямет күнінде жинайды. Сондай өздеріне кесір тигізгендер; олар сенбейді. (12)
Күндіз-түні тұрып тұрған нәрселер Онікі. Ол әр нәрсені естуші, білуші. (13)
«Көктер мен жерді жаратушы Ол, өзі қоректендіретін, қоректенбейтін Алладан басқаны дос тұтайын ба?»,- де. «Күдіксіз мен Мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым» де. Және әсте ортақ қосушылардан болма. (14)
(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер Раббыма қарсы келсем ұлы күннің азабынан қорқамын» де. (15)
Ол күні кім азаптан сейілтілсе, рас оған мәрхамет етілді. Осы анық қол жетушілік. (16)
Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші. (17)
Және Ол құлдарына өте өктем. Ол толық үкім иесі, әр нәрседен хабар алушы. (18)
(Мұхаммед Ғ.С.) «Куәлік тұрғысынан қай нәрсе үлкен?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Алла куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды қорқытуым үшін уахи етілді; Сендер Алламен бірге басқа тәңі

Құран 6 еще тексты


Другие названия этого текста
  • Коран - Ән’ам сүресі - сура №6 – Аль-Анам (Скот) (0)
  • Құран 6 - Ән’ам сүресі (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2