КӨКШЕТАУЫМ МЕНІҢ...
Өлеңін жазған: Алмас ТЕМІРБАЙ.
Әнін жазған: Қанат ҚАЛТАЙ.
Орындайтын: Олжас САБИЖАН.
Мына тұрған орманыңа ғашықпын,
Шұбатылған жолдарыңа ғашықпын.
Көкте жүрсем, сен деп жерге түсер ем,
Шетте жүрсем, бір көруге асықтым!
Бәрін білем! Керегі жоқ картаның,
Таныс маған әрбір көлің, әр тауың.
Мынау менің - Бурабайым, Зерендім,
Айыртауым, Имантауым, Шалқарым!
Қайырмасы:
Ауасы дәтке - қуат, дертке - дауа, Көкшетау!
Қарашы, о, керемет, неткен қала, Көкшетау!
О, ғажап, Алла нұрын төккен қала, Көкшетау,
Көкшетауым!
Өзіңде ғұмыр кешкен бабам менің, Көкшетау!
Өзіңде туып-өскен балам менің, Көкшетау!
Киелі далам менің, қалам менің, Көкшетау,
Көкшетауым!
Оқ жетпейтін Оқжетпестің шыңын-ай,
Жұмбақтаулы Жұмбақтастың сырын-ай!
Өмір бойы жырлап өткен өзіңді,
Ақан, Біржан, Балуан Шолақ, Ыбырай!
Кенесары қалың әскер құрған жер,
Азаттықтың рухы көзге тұнған жер!
Көкшетауда басын қосып үш жүздің,
Абылайдың хан ордасы тұрған жер!
Рахат Сабыров-Кокшетауым(cover) еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2