Сені түсінем мені де түсін Уайымдай берме уайымы құрсын Сен мені қолда қиын кез жолда Тағдырдың мейлі сынағы тұрсын
Бақыт дегенің көрінбейді оңай жолда Бірақ та оған жету үшін оңай жол бар Тағдырға сынба сезімге кем болсаң, Жүрегіңді тыңда ал сен болсаң
Қайырмасы:
Өзгені қиялдадың Өзіңді жиі алдадың Бірақ та сүйе алмадың Оны. Есіңді жыя алмадың, Сен мені қиялмадың. Ақылға сыя алмады, Сезім жолы...
Кімді сүйсең дағы мейлі күйсең дағы, Қайтадан келме ақылға түйсең дағы. Қате дейтін болсаң бола ғойшы сағым, Ең болмаса ашарсың өзгенің бағын.
Бірақ та байқа қайтадан алданбашы, Кез-келгеннің жүрегіне жалғанбашы. Сезім саған көріне ме жай нәрседей, Жеңіл жол дерсің қиындау жолдан қашып.
Қайырмасы:
Түсіне алмай қойдым ау сені, Ере беріп қайтесің сөздерге сеніп. Бәрі бетперде байқашы солып қалма, Жеңіл жүремін деп жаным тоңып қалма! Бақыт дегенің көрінбейді оңай жолда Бірақ та оған жету үшін оңай жол бар Тағдыр деп сынба жеңерсің қалайда Өзіңді тыңдашы сен алайда...