Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досыңдай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Другие названия этого текста
- Гимн Казахстана - Туған жерім менің — Қазақстаным! (1)
- Гимн - Қазақстан Республикасы (0)
- Республика Казахстан - Государственный гимн (0)
- Казахский симфонический оркестр - Гимн Казахстана (0)
- Гимн Республики Казакстан - Туған жерім менің — Қазақстаным! (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1