1. Ойлаймын өзіңді, күні мен түні, Ойымнан бір сəткеде кетпедің. Ғашық болғасын, сағындым сені, Оған куə, ұйқысыз түндерім.
Жүректе қайғы, көзімде мұң бар, Аяулым, көргім келеді сені. Елестетем сені, мен көз алдыма, Қайталап-қайталап есіміңді.
Көнбейді жүрек, Сүйеді сені, Махаббатым жауапсыз болса да. Сұрарым сенен, сүймесеңде сен, Бір құшақташы кеп, тым болмаса.
Қалайша енді, өтер күндерім, Қиналып, сыздап тұрса жүрегім. Қиын екен ғой, қиын екен ғой, Жауапсыз болса, егер сезімің.
Қайырмасы: Сезімің маған қажет, жылуың маған керек, Бір сені ойлай берем, жалғыздық құшағымда. Өзіңді бір көрсем деп, құшағыма алсам деп, Армандап келемін, мұңайып ай астында.
Жауапсыз махаббатым, қинады жүрегімді, Түсінер кім бар екен, іштегі сырларымды. Мен үшін енді жаным, арман боп қала бердің, Қайтемін көнемін ғо, қалауың мен болмадым.
Қосылмадық біз, жүрмедік бірге, Көнемін тағдырдың, жазғанына. Қиын екен ғой, қиын екен ғой, Сезімің егер, жауапсыз болса.
Қайырмасы: Жауапсыз махаббатым, қинады жүрегімді, Түсінер кім бар екен, іштегі сырларымды. Мен үшін енді жаным, арман боп қала бердің, Қайтемін көнемін ғо, қалауың мен болмадым.
Сезімің маған қажет, жылуың маған керек, Бір сені ойлай берем, жалғыздық құшағымда. Өзіңді бір көрсем деп, құшағыма алсам деп, Армандап келемін, мұңайып ай астында.