Ақындық арым барда бүлінбеген, Қайсарлық танытушы ем тілім менен. Беке неге айтысты тоқтат дедің, Аманжолға ымдаған түріңменен. Аит десең сөзді қалай, тіл күрмелеп Қоғамың құбылады бұл күнде ерек. Қазақтың айтайын қай кемшілігін, Оны аитсам қайран басым сүргін көрем. Байлықтың бəрін беріп шет елдерге Əуелі бəрін өзіміз бүлдірген ек Храпунов пен Əблəзовтар тонап қашса, Өтірік қуып жетіп үлгермеп ек. Ойпырмай біз көпшілміз деген ұран, Бүгін шырқын бұзды ғой дінніңде ерек. Үш тілді мемлекет боламыз деп Ұрпақтарың қай тілде шүлдірлемек. Ал осыны айтатын теле арнада Бір жаңалық жүз құбылып, мың түрленет. Неге арналар əр- түрлі сөз сөйлейді Мен осының сиқырын білгім келет.
Қорқатын болмаған соң тасамдағы Пернесін ақиқаттың ашам тағы. Астана мен Алматымыз жайнап жатыр. Сарайлар сəнді болған қашандағы. Ал енді одан басқа қалалардың Жағдайы күннен күнге нашарлады. Семейдің сергелдеңін білесіздер Аяздың қаһарынан қаша алмады. Жылудың жыры бітпей үш жыл бойы Көп болды жанарларға жас алғалы Торғайдың түрін көрсе адам шошыр Қайран қалам қабағын бір аша алмады. Ауыз суға зар болған ауылдардың, Шөлін жақсы қандырар қашан бəрі. Апаттан опат болған Қызылағаш, Оғанда үкімет үлесін қоса алмады. Салып берген үйлері қайта қирап Болып шықты көз бояған осал бəрі Ал енді мұны айтатын ерлер қайда? Əй бірақ жағымпаз ғой босаң бəрі Елді ойлайды деп жүрген ерлеріміз Референдум деген сөзден аса алмады.
Ел басына жағымсып қалайық деп Біразырақ терледі ау көкелерім Депутат əкім менен министрлер Бір тың бастап шырқыпты шекелерін. Жалғыз ғана елбасымыз ерлік қылды Болған соң адалдыққа бекем ерім. Күмəнді ұсыныстан бастартты ол Солай жүрді ақиқатқа төте керім. Жағымпаздың түгеліне сауап болды Білгенге бұлдағы бір етен өлім Мен олардың орнында болған кезде Бұл ісіме өкініп өтер едім Бекболат аға ол тізімде сізде барсыз Келмейді жағымсынып жетелегім Халқымның алдында ұяттымын деп Орнымнан өз еркіммен кетер едім. Енді жырды бұрайын бір арнаға Қайтеміз арзан сөзге шын алдана Біздің қазақ тегінде жылдан жылға Жағымпаздыққа барат құмарлана Елді ойлайды дегендер ардан безді Бір бірімен сыбайласып сыңарлана Əлиев пен Əблəзов қайда жүр деп Біреуінің дəті жетпит сұрауға да. Елдің сөзін сөйлейді дегендерің Үкіметті жасқанат сынауға да Қойдай момын қазағым таланып жүр Жем болып анауға да мынауға да Жақсылықты елбасының ерлігі деп Жамандықты жабамыз бір Аллаға. Біздің ел ұқсайды бір шығарма ға Сөздері басталатын Н- дан ғана.