Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ринат Зайтов толық - #https://vk.com/aityskazakh | Текст песни

Ал енді біраз айтайын
Қазақтың мынау тарихын
Өткеніңді ойласам
Өксік бар іште қаритын
Мен түркінің төлі едім
Тасқа басылған таңбадан
Төл құжатын танитын
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Əділдік құрған салтанат
Осынау байтақ даламда
Бес жүз елу жыл бұрын
Хандық боп байрақ көтеріп
Атағың шықты ғаламда
Жəнібек Керей бас болған
Болашаққа бет аларда
Қасым хан салған қасқа жол
Есім хан салған ескі жол
Абылайдың ақ жолы
Сəуле боп тұрған санаңда
Сол сəуленің барында
Жоңғарда жеңе алған жоқ
Қытайда қожа болған жоқ
Бүгінгідей орыстар
Жағаңа қолын салған жоқ
Ал енді бүгін қарасаң
Кеткендей қайрат қажырын
Темірдей шіріп барады
Қазағым алтын қазығың
Асқазаныңа жұқпады-ау
Атадан қалған азығың
Бетіңе аитсам мініңді
Жазғыра көрме ұлыңды
Дүние үшін қорқылдай
Талайсың бірің біріңді
Ақтоғайдағы қытайлар
Түсірген кезде құныңды
Сарыағашта тəжіктер
Бауыздағанда ұлыңды
Шешендер зорлап қызыңды
Жұлғанда жап жас гүліңді
Шелектегі ұйғырлар
Бұзғанда тыныш түніңді
Жаңа-Өзен деде қаншама
Жазықсыз қазақ қырылды
Осылардың бірінде
Шығарған жоқсың үніңді
Жақының өліп жатсада
Жақ ашпай тұра беретін
Тасбауырлығың білінді
Дирхамға сатып білімді
Долларға сатып тіліңді
Рублге сатып рухыңды
Тиынға саттың тіліңді
Айтып аитпай не керек
Ниетің солай білінді
Ей көк бөрінің ұрпағы
Кімнен үйрендің үруді
Депутатыңа қарасам
Көзімен аузын ашпаған
Əкіміңе қарасам
Жемқорлықтан аспаған
Сенатырыңа қарасам
Қайдағыны айтып қақсаған
Министіріңе қарасам
Реформасы оңға баспаған
Палицияңа қарасам
Парақорлықпен ластаған
Пракурор сотқа қарасам
Əділдік шықпас жақшадан
Премерьіңе қарасам
Жақсылық қылмас жасаған
Биліктің түрі қанайтыны қанайды тонайтыны тонайды
Əкесі өлгендей ақшадан
Биліктің түрі сол болса
Не қайыр енді басқадан
Қаймана жұртым үмітін
Үзбейтін жалғыз патшадан
Өиткені біздің қоғамда айтуынша халықтың
Жалғыз сол ғана жақсы адам.

Ринат Зайтов толық еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-