Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ринат Зайытов - Қазақпын мен деп мақтанам | Текст песни

Қылышымен қорғап байтақ даласын,
Бір жаратқан артық еткен бағасын.
Мен қазақпын, мекен еткен осынау
Алтай менен Атыраудың арасын.

Ұлы Жүзбін берген серттен таймаған,
Орта жүзбін қызыл тілі сайраған,
Кіші жүзбін бес қаруын сайлаған,
Үш жүзім де бір қазақ боп жайнаған.

Атқа мінсек, біз алапат тасқынбыз,
Аллаға құл, басқасына тақсырмыз,
Санымыз аз болғанменен айбатты,
Көп иттерге таланбаған қасқырмыз.

Мен ҚАЗАҚ деген халықпын,
Анығын айтсам, анық біл,
Желтоқсанда жаңғырып,
Егемендікті алыппын.
Кесапаттардан қаптаған
Бір Алла өзі сақтаған,
Көре алмай жүрген дұшпанға,
Қазақпын мен деп мақтанам.

Менің бабам жауға найза түйреген,
Дұшпандарын терідей қып илеген.
Қыран құстай жайып тастап қанатын,
Мен қазақпын, қара жорға билеген.

Мен қазақпын, өзен-көлі, тауы бар,
Мен қазақпын басында зор бағы бар.
Маған қарсы шабам десең, картадан,
Жоңғария деген елді тауып ал.

Қазақ деген артық туған бәрінен,
Елін сүйген, жерін сүйген жанымен.
Сақ бабамның ұлылығын жаңғыртып,
Бар әлемге билік айтам әлі мен!​​
Музыка:

Ринат Зайытов еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1