Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ринат Зайытов - Телеарналарға шықпай қалған сөздері | Текст песни и Перевод на русский

Боздаса кеудемдегі бота мұңым,
Құл болған қажытады соқа күнім.
Кедейлерді қудалап бай шалқысаң,
Ешқашан әпермейді опа мұның.
Айына 360 мың долларлап,
Айлық алған бетсізі жоғарының.
Біреуі Африкада аң аулап жүр,
Орманын отап болып отанының.
Бақшасына Бразилияның талын егеді,
Ақшасына ауылдың шопанының.
Біреуі бір ауылдың жыл бюджетін,
Шашады шубасына тоқалының.
Апыр-ай бұлар қашан тоқтатады?
Елімнің қазынасын қопаруын.
Осындай опасыздарды ойнақтатып,
Сен қайда қарап тұрсың, О, Тәңірім?!

Жасаған болашаққа жорық деп пе ем?
Ойымды өтем бүгін бөліп көппен.
Қазақтың тарихында ақындар көп,
Еліне маңдай терін сеніп төккен.
Кешегі Бұқар Жырау дара дана,
Әр сөзін Абылайға ерікті еткен.
Бар жайды білгеннен соң хан Абылай,
Ырысын Қазағымның толықты еткен.
Әу бастан ханға айтылған шындық қана,
Басшының әрбір ісін көрікті еткен.
Бүгінгі зиялының түрін көрсең,
Шетінен өзін ойлап шөгіп кеткен.
Басшылық сұрай қалса бүлк етпестен,
Жағдайы дейді жұрттың оңып кеткен.
Ақылы жеткенімен батылы жоқ,
Салқыны саясаттың соғып кеткен.
Иманы жұртта қалған ағалардың,
Милары металлолом болып кеткен.

Қазақтың аз болды ма зор ұлдары?
Ұққанға шын ұлағат соның бәрі.
Төле би, Қазыбек пен Әйтекелер,
Парызын парасатпен орындады.
Кесіп айтқан имандылық арқасында,
Тарихтың тұр ғой әне төрінде әлі.
Ал бүгінгі би деген депутат қой,
Мағынасын ұғынса оның дағы.
Бұрынғылар халыққа жол көрсететін,
Бүгінгілер таппай жүр өз жолын да әлі.
Бүгінгілер би де емес биші де емес,
Бишік боп тұр биліктің қолындағы.

Қырандай шырқа білсем шалқып кеп бір,
Сөйлейін, Бұқарлардан сарқыт боп бір.
Қазақстанды бір үлкен семья десек,
Жанұямыз шалшық боп тұр, балшық боп тұр.
Күйеу баламыз шетелге қашқанменен,
Кигені жібекпенен бархыт боп тұр.
Ағамызда ақыл жоқ дегенменен,
Жайы жақсы қарыны шарқыт боп тұр.
Елеңдеп әкемізге қарағанмен,
Ол жаққа да жетпейтіні тәртіп боп тұр.
Үш жүздің тағдырынан бұл күндері,
Үш қыздың болашағы артық боп тұр.

Тіл жайлы тебіреніп толғағанда,
Ақиқат айтар болсам қолдар Алла.
Тіл жылы деп бір кезде ат қойып ек,
Медеу бола алмады-ау ол да жанға.
Бір жылда тілім қалай оңып кетсін?
Осы күнге жеткенше оңбағанда.
Он бес жыл өзге тілде сөйлегендер,
Өз тілін бұл бір жылда қолға алар ма?
Жыл емес бір ақ күнде сөйлер еді,
Заңымыз мұнша сайқал болмағанда.
Апыр-ай біздің кемел үкіметке,
Осыдан басқа ақыл қонбаған ба?
Бір тілді бір жыл бойы үйренетін,
Тілсіздер соқыршама сорлы адам ба?
Қырық екі әріпті жаттау үшін,
Үш жүз алпыс күн керек пе сонда оларға

Шер-ағаң тілсіз халық - балық деді,
Оның сөзі ақиқат, анық тегі.
Көзіммен көрген істі баяндайын,
Бұл жерде дұрыс ұқсын халық мені.
Өткен жолы Әбілов Болат көкем,
Өзін-өзі бір түрлі дәріптеді.
Қазақша құттықаймын деп айтам деп,
Куттактаймын деп шатасты әріптері.
Әріптері шатасқыш ағаларға
Қайтадан оқытыңдар әліппені.

Бұрайын енді жырды бір арнаға,
Мен емес жегілетін құл арбаға.
Жылдан жылға барады біздің Қазақ,
Жағымсыну дегенге құмарлана.
Ши бөрілер мекені болып кетті,
Бөрілер жортып өткен тұран дала.
Аңқау қазақ аңқиып әлі де отыр,
Желініп анауға да, мынауға да.
Шындықтың бетін ашып саясатты,
Бұл күнде жасқанамыз сынауға да.
Министр мен әкімдер ардан безді,
Сенатор Депутатпен сыңарлана.
Бәрінің ойлағаны байлық, мансап,
Елім деген әншейін ұран ғана.
Жетістікті - Елбасыныі ерлігі деп,
Кемшілікті жабамыз бір Аллаға.
Біздің ел ұқсайды бір шығармаға,
Сөздері басталатын Н-дан ғана.

Жұртыма бола қоймас жат ақылым,
Ашынғаным ащы тисе аса тілім.
Қазақтай ұлт жоқ білем бар әлемде,
Тұщынбай тағдыр уын тата-тұғын.
Алла берген жерді қорғап бабалары,
Балалары ойланбай сата-тұғын.
Саңырау басшылықтың кесірінен,
Көктемде су астына бата-тұғын.
Бізде ғана солдат бар, жалғыз өзі,
Он төрт солдатты өлтіріп қаша-тұғын.
Бізде ғана бар мықты, ұры әкімдер,
Ұстатпай шекарадан аса-тұғын.
Бізде ғана тасбауыр үкімет бар,
Ел байлығын оңды-солды шаша-тұғын.
Әділдік сұрап шыққан мұнайшыны,
Аямай автоматпен ата-тұғын.
Өйткені, Қазақ деген қой секілді,
Қасқыр көрсе орнында қата-тұғын.
Бауыздауға бусаң да төрт аяғын,
Жүнімді қырқа ма деп жататұғын.

Қазақтың таймауы үшін тұрған бағы,
Жөн болар кемшіліктің жырланғаны.
Біздің ұлт осы қашан қояды екен?
Жем болып тартылуын қырмандағы.

Неге осы Қазақстанда Қазақ кедей?
Осы ғой жүрегіме мұң болғаны.
Қытайдың қарсы тұрған мазағына,
Мұнайшының арызы тыңдалмады.

Мешок құлқұм Машкевич дегендерің,
Қазақтың қазынасын ұрлауда әлі.
Ол аз болса Астанада той жасаса,
Шетелдің әні болды тыңдалғаны.

Орыс пен Еврейдің кесірінен,
Тіліміз - тіл, Дініміз - дін болмады.
Басқа ұлттардың бәрінде баспана бар,
Қазақ қана квартирант боп тырбаңдады.

Мың өліп, мың тірілген ұлтымызды,
Бұл заман мың сорлатып, мың қорлады.
Біз осындай болсын деп тілеп пе еді?
Кешегі Желтоқсанның құрбандары.
Басыма маза бермей жүрген сұрақ,
Осы ма отанымның нұрланғаны?

Шапқанда шабытымның ақтабаны,
Шындыққа мен бермеймін жоқ бағаны.
Жиырма жыл бойы біздер үндемедік,
Айырар кез келді ғой ақ қараны.
Қазақстан гүлденіп келеді деп,
Біздің ел кейде өтірік мақтанады.
Бізде бастық сымақтар елді ойла?6?

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-