Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ринго тобы - Алга | Текст песни

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Ашып-жапқанша көзді бәрінен озар.

Биік ұстап жалауыңды

Өміріңде жаса дұрыс қалауыңды

Жіберіп алма кезегіңді

Жеңісіне жетуге уақытың келді.

Қолыңды бер тағдырыңа

Жолымыз бір екенін ұмытпа

Жалғыз бақытымыз бар

Алға бәріміз бірге

Қ-сы:

Қосқан бізді Астанамыз

Жаратылған ұмытылмауға халықпыз

Бағыт берген бас қаламыз

Жетелейді тек алға.

Қосқан бізді Астанамыз

Қуат берген ұлы тарихымыз

Бағыт берген бас қаламыз

Жетелейді тек жеңіске

Қорға мәңгі намысыңды

Теріңді төгіп аямай бар күшіңді

Ережені бұзбай ойна

Онда ғана жетесің марапатыңа

Қолыңды бер тағдырыңа

Жолымыз бір екенін есіңе сақта

Самға биік қанатың талмай

Қойған алға мақсатыңнан қайтпа

Қ-сы:

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -