Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ринго - Толғау | Текст песни

Арманада арман арман жұрт
Алланың нұры тамған жұрт
Сабира сағым көшкен жұрт
40 тың бірі конған жұрт
Отырар болып корганып
Түркістан болып қомданып
Алтындай қымбат аймаққа
Алтын орда боп орнадық
Ұлы жүз болып қауғалып
Ұлы бір өрттей қауладық
Орта жүз болып қалалап
Ел намысын дауладық
Кіші жүз болып күрестік
Табансызбен тірестік
Киелі байрақ қаға алып
Ел бірлігін сомдадық

Көк түрік болып жұмылып
Көк бөрі болып ұлыдық
Көк жүзі нұрлы сәуле боп
Көк тасқа құйды жылылық
Күлтеггін болып көз жұмып
Көкті боп қайта тіріліп
Көк алмас қылыш жүзіндей
Жарқырай беру ұлылық

Қабанбай болып ақырып
Абылайлап аруақ шақырып
Бөгенбай болып шүйлікті
Жанардан жалын атылып

Райымбек болып айбат қып
Қарасай болып қайрат қып
Махамбеттей жыр менен
Сенімен жауды жайраттық

Таптатып жерге ізгарды
Жүрегіміз сызданды
Жалындап жатқан қазақпыз
Желтоқсандағы ызғарды

Бүгінгі жайды тыңдасақ
Бақытты елім зор қандай
Ғұмырың мәңгі жалғаса
Жолыңды Алла оңғарсын

Көк түрік болып жұмылып
Көк бөрі болып ұлыдық
Көк жүзі нұрлы сәуле боп
Көк тасқа құйды жылылық
Күлтеггін болып көз жұмып
Көкті боп қайта тіріліп
Көк алмас қылыш жүзіндей
Жарқырай беру ұлылық

Қара даулас ақ арман жұмағым бол қашанда
Жазығы менен қыры бар.
Жартасы менен шыңы бар
Жауынгердей жасанған.
Сары даулас ақ арман
Ұл інің бар оғылған.
Қыз інің бар қаһарман.

Көк түрік болып жұмылып
Көк бөрі болып ұлыдық
Көк жүзі нұрлы сәуле боп
Көк тасқа құйды жылылық
Күлтеггін болып көз жұмып
Көкті боп қайта тіріліп
Көк алмас қылыш жүзіндей
Жарқырай беру ұлылық


Другие названия этого текста
  • "Ринго" тобы - Толғау (1)
  • Ринго - Толғау (0)
  • РИНГО - Толгау (0)
  • Rin`Go - Толғау. (0)
  • RINGO - Толгау (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-