“Бес парыз” Әні: Қ.Махан. Сөзі: С.Қалиев.
Орындаған Құрмаш Маханов.
Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.
ИМАНДЫ баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым,
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.
Ендеше, дін тірегі – НАМАЗ дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар,
Құраннан ешқашан да ара үзбейді.
Тұтпаса уағымен ОРАЗАНЫ,
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі,
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.
Парызды сонан соңғы «ЗЕКЕТ» дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді?
Бергенің береке боп Ақыретте,
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтан мен сөз аласын.
Ин ша Алла, қабыл болса ҚАЖЫЛЫҒЫҢ,
Анаңнан туылғандай тазарасың.
Жаратқан «бай, кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Қиын жоқ бес парызда, біздерге Алла,
Келместі қолымыздан жүктемейді.
Құрмаш Маханов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1