Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп, Туған жер, мен сен салған құс түлетіп, Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп. о, менің атамекен ақ тұрағым , қалайша махаббатымды ұқтырамын ! мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет мен сендік азаматтық сертімменен дауысыңа дауыс қосам шертілмеген . мен сенің серпілмеген күніңе де қараймын кереметтеи серпінменен . о, менің атамекен ақ тұрағым , қалайша махаббатымды ұқтырамын ! мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет бәрін де мендегінің анамша ұғып , тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт . мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын кететін сенен шығып , саған сіңіп . о, менің атамекен ақ тұрағым , қалайша махаббатымды ұқтырамын ! мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . http://song5.ru