Кең ДАЛАМ!
Толғанайын, толғайын,
ДОМБЫРАМ!
Қолға алайын, жырлайын,
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ !
ТЕҢІЗДЕЙ!
Тебірендім, тербедің,
САПАРДА!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ !
Армандарын күндер-ай,
Жұлдыз тамған түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай -
Атамекен-ай !
Ғажап-ау,
Атамекен ғаламат,
Бір саған тағдырымыз аманат.
Қымбатты даламыздай,
Сымбатты анамыздай,
Айналдым сенaй, Атамекен-ай !
Жүрегім, жанымыздай
Айналдым сенaй, Атамекен-ай !
Армандарын күндер-ай,
Жұлдыз тамған түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай -
Атамекен-ай !
Роза Р еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1