Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Роза Рымбаева - Алия (Песня-77; муз. Сейдуллы Байтерекова - ст. Бакира Тажибаева) | Текст песни

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен

Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан

Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып
Туған жердің төсінде мәңгілікке
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып

Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Другие названия этого текста
  • Алия - )) (2)
  • Роза Рымбаева - Алия (1)
  • Роза Рымбаева - Алия (Песня-77; муз. Сейдуллы Байтерекова - ст. Бакира Тажибаева) (0)
  • Роза Рымбаева - Алия (минус) (0)
  • Роза Рымбаева - Алия (70-ые гг.) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-