Ойлап тұрсам, дүние шолақ екен-ай! Бір-біріне, беу, адамдар қонақ екен-ай! Арман-ай, өтеді дүние-ай жалған-ай! Қырмызыдай құлпырған қайран жастық-ай! Қара жерге қар жаумай-ақ солады екен-ай! Арман-ай, өтеді дүние жалған-ай! Қудым сені-ай, дүние, жалықпай-ақ-ау Ұстатпадың-ай судағы балықтай-ақ-ай! Арман-ай, өтеді-ай дүние-ай жалған-ай! Кейде оңыңды көрсетіп, кейде солыңды-ай Танытпай-ақ-ау қойды-ау дидарыңды-ай! Арман-ай, өтеді-ай, дүние-ай, жалған-ай