Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Роза Рымбаева - Атамекенай | Текст песни

Кең ДАЛАМ!
Толғанайын, толғайын,
ДОМБЫРАМ!
Қолға алайын, жырлайын,
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

ТЕҢІЗДЕЙ!
Тебірендім, тербедің,
САПАРДА!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

Армандарын күндер-ай,
Жұлдыз тамған түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай - Атамекен-ай!

Ғажап-ау,
Атамекен ғаламат,
Бір саған тағдырымыз аманат.
Қымбатты даламыздай,
Сымбатты анамыздай,
Айналдым сенaй, Атамекен-ай!

Жүрегім, жанымыздай
Айналдым сенaй, Атамекен-ай!

Армандарын күндер-ай,
Жұлдыз тамған түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай - Атамекен-ай!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-