. Ұ. Есдәулетовтiкi
ә. Т. Мұхамеджановтiкi
Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,
Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?
Мейiрiмге зарықтырған заман-ай,
Заман-ай, заман-ай,
Туған жердiң лайланды-ау тұнығы.
Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.
Қираттық та ата-баба мазарын,
Қасiреттiң тарттық ендi азабын.
Қоң етiңдi ойып берген, заман-ай,
Заман-ай, заман-ай,
Көсiлетiн көрпең қайда, қазағым?
Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.
Неге бiздер у iшемiз суаттан,
Неге бiздер ажыраймыз тұяқтан?
Туған жердi тоздырғанша, заман-ай,
Заман-ай, заман-ай,
Неге жерге кiрмеймiз бiз ұяттан?
Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.
Роза Рымбаева еще тексты
Другие названия этого текста
Роза Рымбаева -Заман-ай - Ұ. Есдәулетовтiкi ә. Т. Мұхамеджановтiкi Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы, Қыздарыңның... (0) Роза Рымбаева - Заман-ай("Невада-Семей қозғалысының әнұраны) (0) Роза Рымбаева -Заман-ай - Ұ. Есдәулетовтiкi ә. Т. Мұхамеджановтiкi Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы, Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы? Мейiрiмге зарықтырған заман-ай, Зам (0) Роза Рымбаева - Заман-ай (0)
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1