Кентауым - мәуелі гүл бағым, Сылдырап жүгірер бұлағың. Сен жайлы тербетсем қиялды, Төгілер кеудемнен жыр-ағын. Еңбекқор салтымен қаншаннан, Көгеріп, көктеген, жасарған. Достық пен арманның отауы, Шап-шағын ауылдан бас алған.
Қайырмасы: Кентауым – мәуелі гүл бағым, Сылдырап жүгірер бұлағың. Сен жайлы тербетсем қиялды, Төгілер кеудемнен жыр-ағын.
Ғажайып жандардан бата алған, Мекенім – көңілдің қиясы. \"Қаратау тәжі\" деп атанған Жастықтың жасампаз ұясы. Жүректе сөнбейтін шырағым, Түған жер – мәңгілік тұрағым. Сағынған сәттерде өзіңе, Ұшуға сәл-ақ қап тұрамын.