Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Роза Рымбаева(минусовка) - Кунге табыну | Текст песни

Күнге табыну
Сөзі Бәкір Тәжібаевтікі
Әні Сейдолла Бәйтерековтікі

Шыққанда шұғылаңнан жадырап,
Тәжім етер, саған шексіз атырап.
Ару күлім қаққандай,сәуле құшқан шақтарда,
Жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.

Қ-сы:
Төңірекке шырай, көрік таратып,
Дүниені бір өзіңе қаратып.
Шалқып,тасып келе берші,
Нұр сәулеңді төге берші,
Маған бақыт бере берші, ару Күн.

Жағасына мөлдір көлдің барғанда,
Сәулетіңе назар ауып қалғандай.
Осынау бір шақтарда, арман күлім қаққандай,
Алтын айна көл түбінде жатқандай.

Қ-сы:
Құдірет күш бір өзіңнен табылған,
Саған мәңгі жер-ана да табынған.
Өзің келген шақтарда,
Ешкім қалмас шаттанбай,
Теңдесі жоқ, ерке сұлу, ақ маңдай.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
    Нет видео
    -