Жырымды алғаш тыңдаған ауылымды сағындым. Қош айтып қол бұлғаған бауырымды сағындым. Ақша бұлты жарасқан аспаныңды сағындым. Қуыршақ ойнап таласқан достарымды сағындым. Еркелеткен жасымнан ағаларды сағындым. Мейірім төккен асыл жан – жан анамды сағындым. Таң нұрымен даланың жайнағанын сағындым. Әнші құстар таң әнін сайрағанын сағындым. Жазғы кеште тербеткен самалыңды сағындым. Кеше ғана сенде өткен бала күнді сағындым.