Сен, сен жылама Мына менің жылағаным жетеді Сен жыласаң жаным от боп кетеді Бізден алыс махаббатың мекені
Тағдыр бізді қоспайды білем Бар ма оған амалым? Өз көзімнен аспайды білем Сендей жанды қайдан табамын? Сен едің әнім Сен едің бағым Өзіңді ғана сағындым жаным Сағындым жаным
Сен, сен мұңайма Сен мұңайсаң көк те жасын төгеді Саған деген қуанышым көп еді Болмады әттең мендік жанның дегені
Тағдыр бізді қоспайды білем Бар ма оған амалым? Өз көзімнен аспайды білем Сендей жанды қайдан табамын? Сен едің әнім Сен едің бағым Өзіңді ғана сағындым жаным Сағындым жаным
Сен, сен күрсінбе Бұл тағдырдың бізге жазған мұңы еді Білші бірақ жаным менің жүрегім Сені сүйіп, сені аңсап жүр едім