Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

☊ руханият - кара соз | Текст песни

Жұма-Мүбәрак!

Жүрген соң бұл өмірдің базарында,
Кей кезде тозып, кейде озарың бар.
Күнәдан ақыретті отпен емес,
Тәубемен осы өмірде тазарыңдар.

Күтеді өлім – теңіз жатып алда,
Қайықсыз түсіп кетіп, қапы қалма.
Мәңгі тозбас иманға айырбастап,
Ертең тозар дүниені сатып алма.

Құдай сөзі шайтанның тақпағы емес,
Адасқан ғалымдардың шатпағы емес.
Ақ жолымен Алланың жүрмегендер
Екі дүние бақытын тапқан емес.

Құран ашып, аятқа үңілмесең,
Өзгелердің сөзіне жүгінбе сен.
Өздігінен дәнек те өспеді ғой,
Егемін деп жерге оны бүгілмесең.

Көп алдында аулақ бол мақтанудан,
Мінін айтып біреудің ақтарудан.
Ғұлама боп ертеде жүрген шайтан,
Адасыпты сөйтем деп хақ жолынан.

Қолда барда әр заттың қадірін біл,
Тікен - зарда жүргендей, ақырын жүр.
Бар деп, бір деп, Аллаға иман келтір,
Пайғамбардың бұйырған нақылы бұл.

Бір Алланың әрине қиын сыны,
Адамдарға анық қой тыйым сыры.
Өз нәпсіңмен байланып қол-аяғың,
Болып қалма шайтанның құйыршығы.

Барлық адам өлімнен жеңілуде,
Ғибрат алмай тарихтан керігуде.
Талай жандар мал-мүлік, алтын жиған,
Топырақтың астына көмілуде.

Ұшырама кәпірдің кеселіне,
Біреуге емес болды олар өш өзіне.
Құдай берген нығметті санар болсаң,
Жете алмайсың ешқашан есебіне.

Ессіздерден еш ақыл сұрамаңдар,
Ақиқатты пайда үшін бұрамаңдар.
Ақыреттің егінін бүгін екпей,
Қайыршы боп қияметте жыламаңдар.

Дайындалмас тозақтың оты текке,
Өзіңді-өзің сондықтан кәпір етпе.
Ақиқатты әрбір жан мойындайды,
Көзі болса егерде көкіректе.

Өзіңді ойладым-
Көңілімді күздің бұлты басқанда,
Көзімнен ерке күлкі қашқанда,
Нәурізек сынды нәзік сезімнің,
Күлтесін ызғар жұлқып ашқанда,
Мейірбан Алла, Өзіңді ойладым.

Тұқыртып тұрмыс қыспаққа алғанда,
Қабағымда мұң қыстап қалғанда,
Қолды бір сілтеп іш тартқандарға,
Керуен тартқан құстармен бірге,
Жылы жақтарға ұшпақ болғанда,
Жарылқаушы Тәңірім, Өзіңді ойладым.

Көңілдің көлі лайланғанында,
Ұршықтай басым айланғанында,
Көрмеуге лайық көкелерімнің,
Көлеңкесіне байланғанымда,
Құдыретті Раббым, Өзіңді ойладым.

Сағым бір сынған сағаттарымда,
Сабы алтын сапы жоғалтқанымда,
Арқардай менің арда достарым,
Арқасын бері қаратқанында,
Жаратқан Ием, Жаппар Құдайым,
Сен болдың жалғыз дәрмен, тірегім.
Өзіңнен жаным тыныштық тауып,
Өзіңнен ғана жәрдем тіледім.

Өлеңді жазған: Серік Мақұлбекұлы Қалиев

☊ руханият еще тексты


Видео
  • Руханият ЖАКЕН КАЖЫ Руханият ЖАКЕН КАЖЫ
    Жакен ағаның шипалы шапағатын көрдім, жүз жасаңыз Жакен аға! Жакен ағаның мекен жайы; Қарағанды қаласы, 14 шағын аудан, 3 үй, ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2