Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Рысбеков Мади - Тәубеңе кел! | Текст песни

Таудан биік секілденіп талғамың,
Ардан биік секілденіп арманың.
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді,
Сынағына шыдай алмай Алланың.
Ай мен күнге өптіргенге шекеңді,
көрмедім деп Көлгірсисің шетелді.
Тәубеңе кел, шетел түгіл зағиптар,
Көре алмайды өзі туған мекенді.
Қошемет те көрмесеңіз несі бар,
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал.
Жылы сөзді естімеген кезіңде,
Керең болып туғандарды есіңе ал.
Тәубеңе кел пенде болсаң есі бар,
Сабырсыздар қадірсіз боп тосылар.
Дүниеге қолың жетпей қалғанда,
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал.
Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда,
Қанағат қыл, ашуланба, тасынба.
Көлігім жоқ деп ренжуің бекерлік,
Аяғы жоқ адамдардың қасында.
Топ алдында төрге озғың кеп төтеден,
Тым болмаса айтпадым деп екі өлең.
Ақын болып тумадым деп налисың,
Мылқау болып туғаныңда не етер ең?
құлақ түріп Әркім айтқан пікірге,
бейберекет Бой ұрасың күпірге.
Тау мен тасқа соға бермей басыңды,
Аман-есен жүргеніңе шүкір де.


Рысбеков Мади еще тексты


Другие названия этого текста
  • Рысбеков Мади - Тәубеңе кел! (0)
  • Рысбеков Мади - Тәубеңе кел! (0)
Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1