Ерке назым алдан шығасың, Арайлы таң атқандай. Самал желдей есіп тұрасың, Майда мақпалдай. Оған жаным өзің куәсің, Сезім сырын таққандай. Кәусарым-ау сенсіз сыр асып, Жүрем шаттанбай.
Сенсің тұмарым, Жаныма шуағын төгетін өзіңсің арайлы күнім. Көңіл қыраным, Қиыла-қиыла сағыныш көзімен қарайды бүгін. Сәулем ұнадың, Сенсің қызыл гүлім, Бұлбұл құстай үнің, Көркем еді лебізің шырын.
Күлімдеген күміс күлкіңде, Сылдыры бар бұлақтың. Құрсауында жүрмін бұл күнде, Сансыз сұрақтың. Шапағатым жетпей тұр тілде, Ұғар оны бірақ оны кім?! Ғашық болмай жүру мүмкін бе?! Сені ұнаттым.
Сенсің тұмарым, Жаныма шуағын төгетін өзіңсің арайлы күнім. Көңіл қыраным, Қиыла-қиыла сағыныш көзімен қарайды бүгін. Сәулем ұнадың, Сенсің қызыл гүлім, Бұлбұл құстай үнің, Көркем еді лебізің шырын.
Жаным-ау келші-ей! Сенсің тұмарым, Жаныма шуағын төгетін өзіңсің арайлы күнім. Көңіл қыраным, Қиыла-қиыла сағыныш көзімен қарайды бүгін. Сәулем ұнадың, Сенсің қызыл гүлім, Бұлбұл құстай үнің, Көркем еді лебізің шырын. (2х)