САГИ ХАЛЕН – АРМАН (feat. АЛТЫНЗЕР КУЖАЕВА) Шумақ 1 Уақыт болса өтіп жатыр тоқтамастан әрі қарай Өмірдің сынақтары әркімге әрқалай Бастысы өзіңе, сеніміңді жоғалтпа Және де жақсылыққа сен, ол бар өмірде Және жақсы адамдар, шынайы еркін Еш мойымас, өмірлік тосқауылдарға, шіркін Менде солардай болсам, ең болмаса тырысам Игі бір іс жасауға, өкінбейтіндей Мүмкін ... бәлкім ... Әйтеуір күн келер, бақытқа кенелер Армансыз, үмітсіз, болмас пенде Бескүндік бұл дүниеде ... Бәрі өтер кетер қолыңда барыңа Шүкіршілік ете білу, маңыздысы ... Жақындарың қасыңда болса Сол да жетер ... Иә ... Қайырма Өмір өзен ағады өз жолымен Біздерді тасиды, сол ағыммен Басытсы өзіңе сеніміңді жоғалтпа Армандауға уақыт бар, ұмытпа тек ... Шумақ 2 Талай болар өмірде, мініп түсер белестерің Есте қалар мәңгіге, сүрінген кездерің, Қаншама күндер өтсіндағы мен білемін «Арманшылдар» түбінде, мақсатына жетерін Болсындағы бәрі қарсы, тіпті мейлі бүкіл әлем Үміт үзбе ... сенімге ерік бергін, Көзді жұмып елестетші, армандаған сол күндерді Енді бүкіл әлемнің ашылғандай есіктері Қателікке жол жоқ, бұл дегенің соңғы демің Қанша жол жүріп өттің, біраз қалды енді міне Мұның бәрі тағдыр салған бір сын шығар, Қараңғы бұлт артынан, жадырап күн шығар Жылдар өтер арада, сен сонда еске аларсың Қай жерден бастау алдың, енді қазір қайдасың Мәреге жеттің бе? сапар шегіп келесің бе? Ұмытпағын армандауға, уақыт бар әліде ...