Сағынышты сезім боп Жүрегімді бағындырған тек сен Шын бақытты кезім боп Алып ұшып жаным маған жетсең Махаббаттың сырын шертем Арманымды жеткізейін таңға Дәл өзіңдей сұлу, көркем Әдемі қыз бұл ғаламда бар ма
Жүрегімде үлпілдеген Саған деген өзгермейтін сезім, сезім Сені сүймеу мүмкін бе екен Күлімдесе қарақаттай көзің, көзің Үн өлеңге айналған Іздеп тапқан бақытымның бағын Тек өзіңе байланған Менің саған ғашық болған жаным
Сүйгенім бүгінде Айым да, Күнім де Құлпырған Гүлім де Сен, сен, сен Күнім де көгімде Осынау өмірде Жүректің төрінде Сен, сен, сен...