Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Салем Хат - ... | Текст песни

Салем хат

Салем Тәтті, алтыным еркем менің
жағдайың қалай, көп болды сені жаным көрмегелі
шыны керек, сағыныш мені езе берді
келе берер саған жаным баяғыдай еркелегім

не жаналық, қайдасың, байқадым өзгермепсің
ал мен сол баяғыдай өзіңде есім
күні бойы жұмыста, сені ойлаумен
күн батқан соң сүретіңе қарамай көзді ілмеспін

іздемейді баяғыдай, жаным деп мені ешкім
сондықтан көп ойлаймын ойда қалқып бұлттармен кешкі
іздемейсің, іздеме, себебі керегі жоқ, қайтесің мені
бірақта сен керексің, осылай хат жазуды саған шештім

Жүрегімнің түбінен ыстық лебіз арнап жаздым
есімнен кетпеді еш, ұмытылмай сәттер жазғы
сұрақтарда адасып өзім жалғыз
жүрек түбін сені ойлаумен тағы қаздым

түсінбей кейбір затқа, адастым, адасада бердім бе әлде
мұң қосып жалғыздықта жылататын кейбір әнге
сол кезде жұбатар едім өзімді мен
сағынышпен кездессен деп кейбір әнде

өкініш мені кернеп кетті, жылатты да
кеудемде мені қинап тағыда жырақ тұрған
ал түсімде, түсімнен маза кетті
себебі жиі келді бейнең сенің жылап тұрған

білесің ғой, сенсің менің әлсіз жерім
сен құласаң құлаймын тізе бүгіп
жыламашы, құшақташы сансыз мені
ажырады арамызда, сезімдерді үзе беріп

білемін кінәлімін мінезім жаман менің
ішімдегі айуанды кісенмен байлап, торға қамаб едім
қызғаныш сонда да бой бермеді
осылайша айуанмен айуан болып қалам енді.

ал сен, оралмайсың, қарамайсың артыңа да
керек емес өмірде бұл, жаным саған артық адам
еш болмаса естелікке сезімдерді тастап кетші
болсам да ақымақ мен, бақыт қылып арқама артып алам

сағынамын, сағынуға себеп бар ғой
сендікті ойлардан жүрекке қарыздар ой
күлкілі, жарайды күл менің үстімнен
көрер едім сені де, сен де мені мен секілді сағынсаң ғой

жүрегімді жылатпадым аядым да
екеумізде білеміз ғой, не боларын аяғында
біреулер арман қуса байлықты іздеп
ал біз болсақ екі жақта қайғы менен бақыттың қайығында

естідім, айттырып сені кепті бір жігітке
ойлама, қарама да сөнген ескі үмітке
Құдайым қоспады бізді, тағдырға жазылмапты
сындырған сенімдерді таусылмайтын күдіктер

қалқып барам қиялдап елестерде
жарасар ма махаббатты елес деуге
бөтендерге көкірек болсам егерде мен
саған жаным биік емес, емес кеудем

не де болса, болсын енді бәрі де аяқталды, бәрі бітті
Сезіндік ау екеуміз біз сезімдерде кәрілікті
ескіріп қала бермек сезімдер қартайған шал кемпірдей
ұмытылып өмірден адамдардай, жоғалған соң сағыныпты

Бақытты бол Алтыным ақ жол саған
біз ойнаған сезімдер барлығыда жанып бітті!!!


Салем Хат еще тексты


Другие названия этого текста
  • Алтыным сені ұмыту қолымнан келер емес - Соңғы Хат (1)
  • Абдуманапов Бектас (PLUTO) - Соңғы Хат (ONE LIFE) (0)
  • Махаббатты - Кара Олен Тусынеды - Соңғы Хат (0)
  • Султан Е Е - Соңғы Хат (ONE LIFE) (0)
  • Салем Хат - ... (0)
  • Ержан - Соңғы Хат Соңғы мүмкіңдік (0)
  • PLUTO - Соңғы Хат | BRK (0)
  • ۩╚►مسلم◀╝۩ ███MuuuSi▓██√ι₱██ - Соңғы Хат (0)
  • Алибек Аскарович - санаң жетер (0)
  • R Y N A 87074363616 - Соңғы Хат (vk.com/kzrapnewsflava) (0)
  • Айсулу - Сонғы хат (0)
  • Абдуманапов Бектас (PLUTO) - Сонгы Хат (ONE LIFE) (0)
Видео
  • Тайфун салем хат Тайфун салем хат
    тайфун салем хат. ... Тайфун салем хат. nurzhan d. SubscribeSubscribed Unsubscribe 2. Loading... Loading ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1