1. Уақыт ұрлап барады ажарыңды Ана сенің өмірің ғажап үлгі Өткен күнге отырсың шүкір айтып Құтқа балап кешкен мұң-азабыңды. Қ-сы: Сын шақтарда қалған жоқ жүгің құлап Жаныма Ана сенің жырың қуат Кеше біздер бала едік түсінбеппіз Түсіне алмай жүрміз-ау бүгін бірақ. 2. Еңсеңізге, сыр бермей нала-мұңға Сен қатесін кешірдің баланың да Тұрды ананың мейірімі жанарыңда Тұрды әкенің ашуы қабағыңда. Қ-сы: 3. Жүзіңді әжім барады көлеңкелеп Аңғармаппын жүрдім де мен еркелеп Мынау ғазиз әлемнің жылуынан Махабаттың шуағы ерек бөлек. Қ-сы: