Ақ маңдай жарқыраған ақ періштем Қас-қағым ғашық етпес сәт көріскен Бір көру дидарыңды қандай бақыт Күйемін от боп жаным әттең іштен Шашу боп күміс күлкің сыңғырлады Көк жалын кеудемдегі түнді ұрлады Жаным-ау жүрегімді аясаңшы Оның да жоқ қой өлмес мың бір жаны
Ғашықпын оны қалай жасырайын Асықпын бір қошуға асыл айым Аққудың баласындай сылап, сипап Аялап алақанда асырайын