Кеш Мені «әні» Ұшқын Жамалбек «Сөзі» Ботакөз Бексары 1 Жан жүректі жүдетті мұң сыздап Сен мұңайдың үнсіз үнсіз қап Қоштасар сәтте тұншығып жасқа сен кеттің Дәрменсіз күйде торығып мен кеттім Қайырмасы Арылмай күрең мұң кірбіңнен Алдамшы бір өмір сүрдім мен Жаныма жұбаныш болардай Өзіңдей жан таппай жүрмін мен 2 Қош айтысып қалды күз жауынды Бал күнді сол сағындым сағындым Жадымда қалды жатталып сенің есімің Сұраймын сенен сол үшін кешірім Қайырмасы Арылмай күрең мұң кірбіңнен Алдамшы бір өмір сүрдім мен Жаныма жұбаныш болардай Өзіңдей жан таппай жүрмін мен 2-Қайырма Қинайды қоңырқай кеште мұң Дір еткен жүректен өшпедің Көңіліме жасырған көркемім Ұмыта алмадым кеш мені