Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сарсен Кадыр - Кайран Мангыстау | Текст песни

А, Маңғыстау!
Сен 360 әулиенің Пірі едің,
«Сен кімсің?!» деп сұрама.
Мен шалдардан қалған кір едім.
Шалыққан күні, шалдардан қалған жырыма
Емініп тұрған шыңдардың, етегіне барып түнедім.
Тарыққан күні, таңдардан тамған жырыма
Жалғыздан жалғыз жапанда өмір сүремін.

Ай, ата-жұрт менің Мекенім!
Сенің бір уыс топырағың еді ғой менің жүрегім!
Топырағыңнан тегімді іздеп жүремін...
Кей-кейде мен де ашынам, ашынам-дағы тасынам,
Табылмадым-ау деп кешегі, көк сүңгісі көлденең,
Көк мойнақ аттың үстінде, Көкіректеріне шер қатып жүріп көлбеген,
Түңгі аспанның төріне үркердей туып төлдеген,
Қайран да қайран, қайран ерлердің қасынан...

Қасқамыз ғой Көз бітпеген маңдайға,
Сөз бітпеген таңдайға,
Көк мұнардың ішінде анау жылғы жоғалтқан
Қара нарым боздап жүреді шалғайда!
Мисызбыз ғой меңіреу! Кереңбіз ғой саңырау!
Көз жасымды көмейіне жұтады,
Шым-шым етіп шалдардан қалған шыңырау!

А, Маңғыстау!
Шалдардан қалған айлағым!
Нарлардан қалған шаңдағым!
Өзіңнен қалған қазына бұл күндері болғанда,
Иттің құны итбақа, итімсініп сорғанда!
Өзегі талған өзінің шайнап жатыр бармағын,
«Қысық көзбін, доспын» деп,
қытай келді, қырт келді!
«Мысық көзбін, қумын» деп, жөйіт келді, жұт келді!

Қаражамбас, Қаламқас!
Жесір қатын байы көп,
Ақ төсегін арамдап, іш құса боп бітті енді,
Есілдің бойы – ен тоғай, ел болғанда Астана,
Әй, Астана, Астана!
Кегіңді алдың Адайдан,
Кекіріп атып мұнайдан,
Өркешіне шығып ап, өркениет бикештің!
Өзен өліп жатқанда, өзгешелеу күй кештің,
Безбүйрек бет былқ етпей, безіп кетті-ау, құдайдан!

А, Маңғыстау, 360 әулие,
Пір сүлейі Маңғыстау,
Абыл, Ақтан, Қашаған,
Жыр сүлейі Маңғыстау, құдай Құлшар жасаған,
Күй сүлейі Маңғыстау, бақ деп берген қазынаң,
Маңдайыңа сор артқан жүрегіңді түсінем.
Түсінем де күрсінем, жетім жырын жоғалтқан,
Қарғыс атсын құзғынды, көкірегіңе оқ атқан!

Уа, хан сарайы - Ақорда!
Патша илеп аймағын, ақша билеп айлағын,
Ірітіп-ақ болдың ғой, ұйыған елдің қаймағын.
Кіріп кетті-ау қойныма қара шұбар жыланың.
Жаңаөзенде ендігі таң атпайды жоқтаусыз,
Айтылмайды алғы сөз,
Ақордаңды боқтаусыз!
Мәңгі қалды жүректе сенің салған ылаңың,
Алақанға тосып ұстап шырағын,
Маңдайына мұң азасы мәңгі есіп,
Қара орамал келе жатад қан кешіп!
Қарғап жатыр қара жер, көп қыршынның моласы!
Қар&#

Сарсен Кадыр еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1