Балауса қыз едің бір кезде Шашыңа ақ бантик байлаған Өзгеріп кетіпсің бұл күнде Көркіңе көз тастап ойланам Өзгеріп кетіпсің бұл күнде Көркіңе көз тастап ойланам
Нұрлы бейнең қандай жарқын Арманысың қандай жанның Шынарым-ай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай
Жол жатыр шақырып алдыңда Өмір тұр ұсынып шаттығын Білмеймін бойжетіп қалдың ба Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін Білмеймін бойжетіп қалдың ба Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін
Нұрлы бейнең қандай жарқын Арманысың қандай жанның Шынарым-ай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай
Жылдардың еркіне бағындың Жылдарға қол создың жан құрбым Белгісін балалық шағыңның Айтшы сен қай жерде қалдырдың? Белгісін балалық шағыңның Айтшы сен қай жерде қалдырдың?
Нұрлы бейнең қандай жарқын Арманысың қандай жанның Шынарым-ай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай Сен, мөлдірсің, еркем Тау бұлағындай