Ана туралы жыр
Сөзі Ғафу Қайырбековтікі
Әні Шәмші Қалдаяковтікі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қайырмасы
Сауле Шарипова еще тексты
Другие названия этого текста
- Нұрлан Өнербаев - Ана туралы жыр (Шәмші Қалдаяқов) (1)
- Нұрлан Өнербаев - Анашым (1)
- Аналарға арналады 8 - Нұрлан Өнербаев - Ана туралы жыр (1)
- Сауле Шарипова - АНА ТУРАЛЫ ЖЫР (0)
- Нұрлан Өнербаев - Ана туралы жыр (Ш.Калдаяков) (0)
- Нурлан Онербаев - Ана туралы жыр (Ш.Калдаяков) (0)
- әлемнің саган силадын - сенбердін коштарын (0)
- Нұрлан Өнербаев - әке (Шәмші Қалдаяқов) (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2