Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ - ИШУ ЖАЙЫНДА | Текст песни

Ішу керек, ішу керек
Үйге қонақ келгенде,
Мейрамдар да, думандарда,
Демалыста жүргенде.
Ішу керек үлкендермен,
Ішу керек жастармен,
Ішу керек құрдастармен,
Ішу керек достармен.
Ішу керек, ішу керек,
Ішу керек көтеріп,
Ішу керек, ішу керек,
Ішу керек төңкеріп.
Ішу керек, ішу керек,
Тост ұсынып, сөз сөйлеп,
Ішу керек, ішу керек,
Өлең айтып, би билеп.
Ішу керек, ішу керек,
Алқаш құсап мас болмай,
Ішу керек былғаңдамай,
Үсті- басың лас болмай.
Ішу керек, ішу керек
Ешбіреуге тиіспей,
Ішу керек, ішу керек
Ешбіреумен керіспей.
Ішу керек, ішу керек
Ішкің келген кездерде,
Ішу керек, ішу керек
Ішкің келген жерлерде.
Ішу керек, ішу керек,
Көктем үшін, қыс үшін,
Әке үшін, ана үшін,
Бала үшін, қыз үшін.
Ішу керек, ішу керек,
Отан үшін, ел үшін,
Ауыл үшін, ошақ үшін,
Халық үшін, жер үшін.
Ішу керек, ішу керек,
Сезім үшін, шақ үшін,
Өмір үшін, көңіл үшін,
Саулық үшін, бақ үшін.
Шауып жүріп бір күндері
Жер астына түсеміз,
Бұл өмірде ішпегенде,
Қай өмірде ішеміз?


САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-