Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ - КАНГЫБАС | Текст песни

Зор базардың ішінде
Құлап жатыр қаңғыбас,
Құжаты жоқ, үйі жоқ,
Жалаң аяқ, жалаңбас.
Жатыр сөйлеп бейшара
Бірдеңе деп өзімен
Мөлдіреген ыстық жас
Ытқылайды көзінен.
Әбден, әбден жүдеген,
Қозғалуға күші жоқ,
Иығы дейтін иығы жоқ,
Іші дейтін іші жоқ
Аяғымен байқамай
Тиіп кетіп басынан,
Ересектер, сәбилер
Өтіп жатыр қасынан.
Қалтасында – бос шырпы
Қолтығында- бос шөлмек,
Бар киімі – жыртылған
Кір шалбармен кір көйлек
Бұрқ-бұрқ етіп астынан
Сасық иіс мүңкиді,
Сол иістен жиіркеніп
Өзі тіпті үркиді.
Желің болса гуілдеп
Түк аямай ұрады,
Дір-дір етіп, бүгіліп,
Желден бетін бұрады,
Қоңыздар ма, биттер ме,
Жүр құрғырлар жорғалап,
Қолыменен қасиды
Үсті басын тырналап.
Аз да болса, май жағып,
Нан жегісі келеді,
Оны аяп қай адам
Тамақ оған береді.
Ойлап былай қарасаң,
Ол біреудің баласы,
Ол біреудің әкесі,
Ол біреудің ағасы.
Қорғамайды ыстықтан
Зор базардың терегі,
Жатыр әрең дем алып,
Ешкімге жоқ керегі,
Алақанын жайып ол
Кімге енді барады
Бағы жанса, бай адам
Малай қылып алады.
Сатып жатқан шет елге
Мұнайымыз қаншама
Осындай ғып біз оны
Не болғанбыз соншама,
Қайда бара жатырмыз,
Айтыңызшы, халайық,
Басымызбен ойланып
Аз да болса қарайық.


САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-